Мерзімді әскери қызметке күзгі шақырылым басталды
Елімізде Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке күзгі шақырылым басталды.
Іріктеу 5-ші қазанға дейін жалғасады. Үміткерлерге қойылатын талаптар бар. Азаматтардың жасы 18-ден басталып, 27-ден аспауы керек. Бойы 180 сантиметрден төмен емес және 195 сантиметрден жоғары болмауы шарт. Білімі кем дегенде орта болуға тиіс. Сондай-ақ спортта жетістігі бар жастарға басымдық беріледі. Ал іріктеуден өткендер Астана мен Алматы қалаларындағы әскери бөлімдерде қызмет етуге аттанады.
Медет Елемесов, ҚР МКҚ «Айбын» президенттік полкі командирінің орынбасары:
- Бізде белгіленген тәртіпке дайындалады Отан қорғауға. Қалай машықтану керек, қаруды қалай қолдану керек. Дене шынықтыру тәрбиелері болады. Шақырылым бойынша мерзімі біткеннен кейін, біздің қатарымызда алып қаламыз. Оны зерделейміз, зерттейміз. Бірқатар қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке қалып жатады.