Несие алудан бас тарту қызметі қосылды
Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тарта алады.
Цифрлық қызмет eGov мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында іске қосылған. Яғни азаматтар екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Айта кетерлігі, мұндай өтінішті азамат өз атынан ғана бере алады. Бұл өзгенің атынан заңсыз несие рәсімдейтін алаяқтардан сақтанудың бірден бір амалы. Сервис eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Сол сияқты бұл қызметке eGov.kz порталының «Экономика және қаржы» бөлімінде де қол жеткізуге болады.
Арай Оразова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Несие алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде алынады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез-келген уақытта өтініш беру арқылы жоюға болады.