«Халал инфрақұрылымына» қатысты Заң қабылдануы керек

Қазір бұл сала ешбір мекеменің тікелей бақылауына алынбаған.

Сол себепті Халал белгісі бар отандық өнімдерге күмәнмен қараушылар көбейді. Бұл жайында техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты. Осы кезге дейін мемлекеттік деңгейде 18 ұлттық стандарт қабылданып, 11 халықаралық жоба әзірленген. 4 мыңнан аса кәсіпорында «Халал» белгісімен жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

Қуаныш Елікбаев, ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:
- Ашық айтайық, қазір бұл сала ерікті, заңдармен тікелей реттелмейді. Жанама түрде біздің Денсаулық сақтау министрлігі мониторинг шеңберінде шошқа етінің компоненттерін анықтайды. Және таңбалау бөлімдеріне техрегламент талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салады. Қолданыстағы сертификаттау органдары да өндірістік бақылауды жүзеге асырады.