Риддердегі ірі медициналық кешеннің құрылысы биыл аяқталады
Риддер қаласында көп салалы жаңа медициналық кешеннің құрылысы келер жылдың соңында аяқталады.
Ал емхана жыл соңына дейін тапсырылады. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін ауруханадағы орын тапшылығы мәселесі шешімін табуы тиіс.
Бұл ауруханадағы науқастар бес бірдей бөлімшеге сыймай отыр. Қазір медициналық мекемеде 50 мыңнан астам тұрғын тіркелген.
- Палаталар тар, орын жетіспейді. Ал науқастар аз емес. Жаңа аурухана керек.
- Ұзынсонар кезек. Амал жоқ, күтеміз.
Тұрғындардың алаңдауына негіз бар. Себебі жаңа ғимарат жайында ақпарат тек қағаз жүзінде бар. Ал болашақ құрылыстың орны қазылған шұңқырға айналған.
Емдеу мекемесінде санитарлық нормалар қатаң бұзылған. Бір кісілік орынға жеті шаршы метр қарастырылған. Ал оның аумағы бұдан үш есе артық болуы шарт. Орын тапшылығы мәселесін уақытша шешу үшін дәрігерлер жұмыс орындарын босатуға мәжбүр болған.
Қырықбай Уашбаев, Риддер қалалық ауруханасының ординатор-дәрігері:
– Хирургия больница салғанша кішкене «қыстырылған» жағдайда жұмыс істеп жатыр. бөлімшеміз 26 койкеге арналған. Бірақ, қандай қиын жағдай болса да, экстренный, плановый службаның бәрін атқаруға бар күшімізід салып жатырмыз. Бұның бәрі уақытша деп ойлаймыз. Жаңа емхананы салған соң бар жағдай түзеледі деп ойлаймыз.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша жаңа медициналық кешен құрамындағы емхана жыл соңына дейін тапсырылады. Ал күндізді стационар келер жылы қолданысқа беріледі. Сонымен қатар бұған дейін жоба құжаттамасына бірсыпыра өзгерту енгізілген.
Саят Тойкенов құрылыс, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
- Жобаға түзетулер енгізілгенімен бұның бәрі құрылыс жұмыстарының мерзіміне әсер етпейді. Нысан келер жылдың соңына дейін ашылады. Қазір емхананың құрылысы 85%-ға орындалды. Ол 500 адамға арналады. Ал стационар бойынша тиісті жұмыстар басталды.
Көпсалалы аурухана құрал-жабдықтармен бірге қолданысқа беріледі. Қазір осындай әдіспен ел бойынша 8 облыстағы аудандық ауруханалар жаңғыртудан өтіп жатыр. Оларға шамамен қосымша жеті мыңдай дәрігер маман қажет болады.
Ақмарал Есімханова, Вячеслав Ветлугин және Жігер Бабаканов