Елде «Террористік акт» жайлы жалған ақпарат тарату өршіп барады
Соңғы 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркеліп, оның 28-і сотқа жол-данған.
Мұны Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр. Ақпараттардың 85%-ға жуығы мобильді телефон арқылы хабарланған. «Жалған террористердің» әлеуметтік порт-ретіне келер болсақ, барлық қылмыстың шамамен 88 пайызын, жұмыссыздар жасаған. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар да бар. Салдарынан, жыл сайын мемлекетке келтірілетін, материалдық залалдың көлемі 500 мыңнан 2 миллионға дейінгі, сомманы құрап отыр.
Алмас Талқанбаев, ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің 1 басқарма бастығының орынбасары:
- Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген. Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Сондықтан мұны оқушылар білуі тиіс. Сонымен қатар сот шешімінің негізінде осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығындар өтеледі.