Жалған хабарлама берген 115 адам жазаға тартылды

Соңғы үш жылда "бомба қойылды" деп жалған хабарлама қалдырған 115 адам жазаға тартылды.

Олардың 15-і кәмелеттік жасқа толмаған. Салдарынан 6,3 млрд теңге зиян келтірілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте мәлім болды. Қылмыскерлердің 55 пайызы хабарламаны, мас күйінде жібергенін мойындаған. Ал балалардың көбісі ойнап жүріп қоңырау шалған. Дегенмен, бұл жазаны жеңіл-детпейтіні сөзсіз. Қылмыскерге 17 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Биыл 85 іс қозғалып, 9 адам сотталды.