Елімізде геологиялық барлау жұмыстары жанданады
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында қазба байлықтардың қорын молайту үшін жеке компаниялар мен инвесторларға қолайлы климат қалыптастыру керек екенін айтқан еді.
«Ол үшін салық және реттеу шарттары өзгеріске икемді болуы керек. Қазір елдің 1,5 миллион шаршы шақырым аумағы геологиялық және геофизикалық барлаудан өткен. Үкіметтің міндеті – 2026 жылға қарай оның көлемін кемінде 2 миллион 200 мыңға жеткізу», - деген болатын Президент.
Балтабек Қуандықов, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті:
- Елімізге келетін шетелдік инвесторлар болсын, жергілікті инвесторлардың оларды салықтан босату туралы әңгімесі мен үшін үлкен жаңалық болды. Мен өзі ойлаймын, осынау «үлкен Жолдаудың» арқасында бізге келетін инвесторлардың саны көбейеді, елімізде талай жаңа кен орындары ашылады. Ол тек қана мұнай саласы емес, уран, көмір, мырыш немесе басқа да алтын-күміс деген сияқты пайдалы қазбаларымызды игеруге өзінің септігін тигізеді деп ойлаймын.