1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсті
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар олардың білім әлеуетін арттыруға мән беріліп келеді.
Қызылордалық бөбекжай қызметкерлері IT саласын меңгеру мақсатында жыл бойы тегін оқу курстарынан өтеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту үшін аттестаттау сатысын жетілдіру маңызды. Осы ретте өңірдегі бала тәрбиесімен тікелей айналысатын оқытушы-педагогтарға әдістемелік көмек беретін мобильді топтар құрылды. Жалпы аймақ бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балғындардың бәрі балабақшаға барады. Енді екі жасар бүлдіршіндерді және инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше балаларды қамту мәселесі тұр. Ол мемлекет пен жеке меншік әріптестік аясында шешімін табады. Қазір өңірдегі 600-ден астам мектепке дейінгі мекеменің 73 пайызы жеке меншіктің үлесінде.
Зафура Ерназарова, балабақша меңгеруішісі:
- Жалақының өсуі педагогтардың жаңа ізденісте жұмыс жасауына, түрлі технологияларды меңгеруіне, жаңашылдық бағытта жұмыс жасауына, педагогикалық шығармашылық, инновациялық жұмыстармен айналысуына үлкен серпілісін беріп жатыр. Біз «САТР» орталығымен, «Өрлеу» институты мамандарымен байланыса отырып, біліктілік курстарынан өтіп, семинарларға қатысып, онлайн, офлайн жағдайда білік-білім дағдыларын өсіріп отырамыз.