Абай облысындағы сумен жабдықтау нысандары тексерілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Абай облысындағы сумен жабдықтау нысандарын бақылауға алды.

Мамандар 8 аудандағы 166 су құрылыстарын тексеріп, кемшіліктер анықтады. Арнайы өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында кейбір жобалар бойынша жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Агенттік өкілдері үш ай бойы облыста сумен жабдықтау нысандары қаншалықты сапалы салынғанын тексерді. Мамандар 2020-21 жылдары тапсырылған жобаларға қатысты заң бұзушылықтар анықтады. Әкімдікке қарасты бақылау басқармасы кемшіліктер тіркелген жобалар бойынша шенеуніктер, мердігерлерді жауапқа тартқан. Тіпті кейбір компанияларды лицензиясынан айырыпты.

Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:

- Кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Одан кейін жаңа ғана Рүстем Тастамбекұлы өз баяндамасында облыста осы сумен қамту пайызын көтеріп жіберу фактісін тексеру керек. Бүкіл осы көтерілген сұрақтар хаттамаға енгізілсін.

Барлығы 166 сумен жабдықтау нысаны тексеруден өткен. Арнайы өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында кейбір жобалар бойынша құқық қорғау органдарға жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Рүстем Тоқбергенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Көптеген елдімекендерде қыуар ақша бөлінгенімен бірақ ауызсудың жоқтығы білінді. Осы мәселенің бәрін жаңағы ведомствоаралық комиссиясында талқыладық, қарадық. Енді департамент тарапынан біз ұсынысымызды енгіздік. Прокуратура органының бастамасымен бұл жерде тексеру ашу керек.

Облыс әкімі үш күн ішінде хаттама  қабылдап, қандай да шешім шығару үшін құзырлы органдарға жіберуді тапсырды. Ведомствоаралық комиссия,  сыбайлас жемқорлықты жою бағытында мемлекеттік органдарды, қоғам және өзге де ұйымдарды шоғырландырып, дереу шешім шығаратын алаң екенін тағы да дәлелдеді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Әсем Өтешева, Медет Өмірханов