Қорғаныс министрі Жамбыл облысындағы әскери нысандарды тексерді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жамбыл облысына барып, әскери полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарының материалдық-техникалық жай-күйін тексерді және әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, командирлердің кәсіптік даярлығын арттыру жайындағы міндеттерді пысықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ 22326 әскери бөлімнің қабылдау пунктіне, жауынгерлік машиналар паркіне барып, қару-жарақ пен әскери техниканың ахуалын бақылады. Луговой, Тараз гарнизондарындағы казармаларды аралады. Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды көріп, маман даярлауға жасалған жағдаймен танысты. Сапар соңында Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді.