Конституциялық соттардың судьялары Астанада бас қосты
Елде 7 құқықтық норма Конституциялық емес деп танылды.
Бұл туралы Астанада өткен халықаралық конференцияда айтылды. Конституциялық сот төрағасының айтуынша, мекеме барлығы 40-қа жуық құқықтық норманы қараған. Эльвира Әзімова бұл нормалар қазіргі уақытта азаматтардың тікелей Конституциялық сотқа жүгіну және құқықтық актілердің заңдылығына дау айту мүмкіндігі аясында қаралғанын атап өтті. Халықаралық конференцияға Әлемнің 20 елінен келген Конституциялық соттардың судьялары қатысты. Қатысушылар құқық қорғау және Конституция үстемдігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты. Халықаралық стандарттар талқыланды.
Эльвира Әзімова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы:
- Конституцияның үстемділігі. Әр мемлекетке, әр қоғамға тек қабылдау емес, орындау да керек. Бұл жерде негізінде заңды құрметтеу, заңды орындау мемлекеттің тұрақты дамуына үлес береді. Осы мағынада біз осы конференцияны ұйымдастырып, талқылауға барлық қатысушыларды жинап отырмыз.