Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Теміртауда қаланы жылумен қамтып отырған 2-ші жылу орталығы шамамен  80%-ке, 3-ші жылу орталық 66%-ке тозып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған қарамастан шаһардың жылыту маусымына дайындығы штатты режимде жүріп жатыр. Өңір тұрғындарымен кездескен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай дейді. Биыл 2-ші жылу энергия орталығының №4-ші және 5-ші қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал №3-ші қазандықтың турбоагрегаттарын толықтай жөндеу жоспарланған. Бірақ бірқатар нысандағы жұмыстар кестеден кешігіп жатыр.

Еске салсақ, Президент палаталардың бірлескен отырысында энергетикалық қауіпсіздікті қамту және өңірлерді жылумен қамту мәселесін баса айтқан еді.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Жұмыстар штаттық режимде жүріп жатыр. Тек Шахтинск қаласы мен 2-ші ЖЭО бойынша кестеден кешігу бар. Осыған қарамастан энергостанциялар жылу маусымы басталған кезде қажетті жылуды бере алады. Қатты отынды жеткізу мәселесі де министрлік бекіткен кестеге сай жүргізіліп отыр.