Көгілдір отыннан тапшылық болмайды

Елімізде газ шаруашылықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының жұмыс топтары аймақтарға жиі шығып, жергілікті жерлерде тарату станциялары мен коммуникациялардың жағдайымен танысады. Мәселен, Зайсан қаласындағы технологиялық жабдықты жаңғырту процесін бақылаудың маңызы зор.

Зайсан ауданының халқы көгілдір отынның қызығын көре бастағанына биыл тура 10 жыл. Табиғи газдың құны көмір мен отынның басқа түрлеріне қарағанда арзан. «Газдың пайдасы ұшан теңіз. Бұрын ағаш үйілген жердің орнына қазір бау-бақша егетін болдық»,- дейді Рахима Ғафурова. ​ ​ ​

Рахима Ғафурова,​ Зайсан ауданының тұрғыны:

- Газдың пайдасы өте көп болды. Таза, жақсы, үйіміз газбен жылынады,​ моншамыз газбен жылынады. Тамақты газбен істейміз, мың да бір рахмет!

Айтқандай, бұрын қатты отынға көп шығын жұмсалатын. Мысалы, көмір бағасы қыс мезгілінде 200 мың теңгеден асады. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының бірінші басшылары тұтынушыларға газ жеткізу барысын жіті бақылауда ұстап, аймақтарды жиі аралайды.

Бауыржан Асқаров, «ҚазТрансГаз Аймақ»  АҚ бас директоры:

- Наурыз айынан бастап «QazaqGaz» комапниясы, "ҚазТрансГаз Аймақ" ​ комапниясы жалпы дайындық жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда қыркүйек айынан басында жұмыс барысында 100 пайызға жуық жұмыстарды бітірдік. Жалпы қысқа дайынбыз. ​

Бүгінгі күні газбен толық қамтылған Зайсанда коммуникациялық желілер жаңғыртылып жатыр. Мысалы бекіту арматурасын монтаждау газ құбырындағы апаттардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Яғни, апат кезінде бүкіл қаланы емес, тек сол ақау шыққан жерде ғана газ құбырын ажыратуға болады. Осындай ауқымды жұмыстар нәтижесінде Зайсан ауданында 54 газ реттеу пункті жөнделді. Жергілікті тұрғындардың көгілдір отынды жыл бойы іркіліссіз пайдалануы үшін балық жағдай жасалған.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Вячеслав Ветлугин және Жігер Бабақанов