Павлодар облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы келер жылы іске қосылмақ

Павлодар облысының тұрғындары енді қаржылық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік алады.

«Қарызсыз қоғам» жобасы келер жылы іске қосылмақ. Бұл туралы «AMANAT» партиясы өткізген конференцияда белгілі болды. Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекет басшысының индустриалды аймақты дамыту, энергетика қауіпсіздігі мәселелері мен жылу электр станциялар жұмысы бойынша берген тапсырмалары сөз болды.

Мәди Оспанов, «AMANAT» партиясы орталық аппаратының басшысы:

- Жаңа өнеркәсіптік саясат еліміздің ең ірі индустриалдық аймақтарының бірі Павлодар облысының дамуына жаңа серпін береді. Осы жолдаудың негізінде біздің партия басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов Аманаттықтардың негізгі мақсат-міндеттерін белгіледі. Ең алдымен ол жергілікті жерде кеңінен талқылау мен түсіндіру жұмыстары.