Отбасы – ұлттың тірегі. Блиц

Жанұялық құндылықтарды нығайту – еліміздің басым бағыттарының бірі. Отандастарымыз бүгінгі күнді қалай атап өтіп жатыр екен? Елордалықтардың пікірін тыңдасақ.

- Отбасы керек қой балам, отбасы болмаса, адам жасамайды. Адам мың жасамайды, ұрпақ мың жасайды. Ағармайтын шаш жоқ дейді, қартаймайтын жас жоқ дейді. Әке мың жасамайды, ұрпақ мың жасайды өздерің сияқты. Өз отбасымыз жақсы. Керемет. Тіршілігіміз жоғары. Ұрысқақ отбасы ішінде болмау керек. Ұрпаққа жақсы қарап, ұрпақты жақсы тәрбиелеу керек. Береке болмаса, ынтымақ болмаса, отбасы тозады.