Аманбөктер ауылында шешімін таппаған әлеуметтік мәселелелер бар
Жетісу облысында жаз бойы ұлттық құрама балуандары жаттығатын, Аманбөктер дейтін ауыл бар.
Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Елді мекен маңындағы тау қарағаймен көм-керіліп, түрлі өсімдіктердің жұпар иісі, аңқып тұрады. Табиғаты, жанға жайлы ауылда шешімін таппаған әлеуметтік мәселелелер бар.
Тоғыз адамнан тұратын Шырынгүл Батайқызының ұжымы жұмысқа барған сайын қауіп қатермен бетпе бет келеді. Себебі ауылдық округ әкімдігінің бір бөлігі құлап жатыр. Ғимараттың төбесі опырылып түспес үшін олар бөренелерді тіреп қойған. 1974 жылы салынған нысанның жылу жүйесі де тозып тұр.
Шырынгүл Батайқызы, Аманбөктер ауылдық округінің әкімі:
- Жылынбайды. Себебі 49 жыл бұрын салынған. Ескірген. Отты қанша жерден жақса да жылынбайды бұл жер.
Аманбөктер ауылының кірме жолы ғана жасалып, асфальт мектепке дейін төселген. Көшенің ортасынан ары қарай қара жол басталады. Басқа көшелердің де тасы көрініп, шаңы шығып жатыр.
Шаймұрат Қасенов, ауыл тұрғыны:
- Мәдениет үйі жоқ деуге болады. Аноу басында тұр ғой фундамент. Соны жасап береміз деген 90 орындық. Биылға ақша жоқ. Келесі жылы жасап береміз деген.
Ауылда бес жүзге тарта адам тұрады. Сондықтан мәдениет үйін салуға халық саны жетпейді,- дейді ауылдық округ әкімі. Осыған дейін елдімекенде шағын стадион салынып, бір көше жарықтандырылыпты. Қалған мәселе биыл қолға алынбақ.
Әкімдіктің апатты жағдайда екенін аудандағылар да біледі. Олар жаңа әкімшілік салу жоспарымызда бар,- дейді
Алмас Байғонысов, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұйырса ПСД-сы жасалып жатыр. Алдағы жылы модульды блокты қазіргі заманға сай салып береміз.
2011 жылы ауылда 500 балаға арналған мектеп күрделі жөндеуген өткен. 50 шақты бала оқитын білім ошағының жартысы лагерь ретінде пайдаланылып отыр. Әкімдік ұжымын сол мекемеге көшірмесе ескі ғимараты келесі жылға дейін құлап қалуы мүмкін.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев