Еліміз өнеркәсіпті дамытуда Оңтүстік Кореяның тәжірибесін қолданады
Бұл елдің дамушы мемлекеттен дамыған елге айналу жолы отандық сарапшылардың назарында.
Себебі, біздің елде өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ден қойылып отыр. Елордада өткен семинарда екі елдің өкілдері өңдеу саласын дамыту, өндіріске инновациялық тәсілдерді енгізу жайында пікір алмасты. Қатысушылар, бұндай шара мемлекетаралық дилогты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті. Бүгінде Оңтүстік Корея ел экономикасына инвестиция тарту бойынша 6-шы орында тұр. Бірлескен кәсіпорындардың саны 500-ге жуық. Екі ел арасында жалпы құны 4 жарым млрд доллар болатын 58 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
Чжо Тэ-Ик, Қазақстандағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:
- Біз экономикалық дамудағы өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Мәдениет пен тарихта ортақ дүниелеріміз көп. Қазақстан үлкен мемлекет, бірақ, айырмашылығы - сіздерде теңізге шығар жол жоқ. Біздің тарихи тәжірибеміз өзге елдердің жетістікке жетуі үшін қолданылуы мүмкін деп ойлаймын. Халықаралық нарыққа шыққан ірі АйТи компанияларымыз бар. Сол секілді, Қазақстанның да өз жолымен даму әлеуеті бар.
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы:
- Кореяның тәжірибесі біз үшін құнды. Себебі олар 60-жылдары қарайтын болсақ өте кедей елдердің бірі болатын. Бірақ та қазір ең дамыған мемлекеттердің 12-орнында тұр. Біз тәжірибені алып қана қоймай, сарапшылармен ақылдасып, оның қандай жағымды жақтары бар, қандай мәселелері бар осы сарапшылар кездесуі жиналуда.