А. Әлтай: Домбыра – қазақтың қасиетті құндылығы

Әлеуметтік желілерде домбыраға қатысты жат пікірлердің көбеюі халық қалаулыларын алаңдатып қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аманжол Әлтай өзінің депутаттық сауалында «Конституциямыздың 14-бабында нақты көрсетілгендей, қазақ халқының ұлттық құндылығы мен ерекшелігіне тіл тигізуге ешкімнің де құқы жоқ» деді. Осылайша, домбырадай қасиетті аспаптың насихатын арттыруды талап етті.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйрету оқу бағдарламасына енгізілсін. Екінші, бұқаралық ақпарат құралдарында, радио және телеарналарда домбыра аспабының құндылығын ашатын ән-күй, жыр-терме, айтыс өнерлері көбірек насихатталсын. Үшінші, құзырлы органдар, Дін істері жөніндегі басқарма теріс ағым жетегінде кеткен адамдармен жұмыс жүргізуді күшейтуі тиіс.