Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесі
Бүгінде Арал-Сырдария бассейнінде су тапшы және Көксарай су реттегішінің техникалық жағдайы нашарлап барады.
Сенатор Руслан Рүстемов бүгін Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдап, Қызылорда облысындағы су мәселесіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Одан бөлек, депутат Жаңақорған өңіріндегі суға қатысты күрделі жағдайға сәйкес, Сырдария өзенінен Келінтөбе магистральдық каналына қосымша канал салуды ұсынды.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қызылорда облысында су шаруашылығы ахуалын түзеу және Арал теңізінің одан ары тартылуына жол бермеу үшін жедел шаралар қабылдау қажет. Ол үшін Қараөзек су арнасында үш су тоспасы қалпына келтірілген жағдайда 1 миллиард текше метрге дейін тасқын суларды жинақтап, Арал аймағындағы, Қазалы ауданында 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық жәе жайылымдық жерді суармалы сумен тұрақты қаматамыз ету вегитациялық кезеңде Арал теңізін суландыру мүмкіндігі кеңейеді.
Отандық киноиндустрияны дамыту керек
Ал сенатор Қайрат Тастекеев еліміздегі киноиндустрия саласын дамытудың маңыздылығы туралы депутаттық сауал жолдады. Фильмдер мен телехикаялар ойын-сауық көзі ғана емес, ұлттық құндылықтарды, идеялар мен білімді насихаттау құралы. Сол үшін отандық туындылар санын арттыру қажет, дейді. Депутаттың айтуынша шетелдік өнімдермен бәсекеге түсе алатын сапалы отандық фильмдер дайындау үшін қазақстандық кинематографистер мен продюсерлерге қаржылық қолдау және салықтық жеңілдіктер қарастырылуы керек.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгін біз өзіміздің мәдени болмысымыз бен шығармашылық салаларымызға қысым жасайтын шетелдік телесериалдардың толқынына тап болдық. Біздің экрандарымызда шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектеу бұл отандық киноөнімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Шетелдік контентті, теледидарды реттеу басқа да халықаралық тәжірбиені зерттей отырып қорытынды жасау керек деп ойлаймын.