Қарағандыда отбасымен шахтада еңбек ететін кеншілер әулеті тұрады

Қарағандыда бүкіл отбасымен шахтада еңбек ететін кеншілер әулеті тұрады.

Олардың саладағы жалпы еңбек өтілі жарты ғасырдан асады.

Федоренколар отбасының «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамының Костенко атындағы кенішіндегі жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады. Оның басым бөлігі Дмитрийге тиесілі. Ол «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясында 28 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек адамы бала кезінен кеншілердің ортасында өскен. Сондықтан өмірлік жолын таңдайтын сәтте ойланбастан осы мамандыққа түскен.

Дмитрий Федоренко, бас инженердің техникалық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары:

- Мен 5 жылдай механик болып еңбек еттім. Бір жылдары жеке кәсіппен де айналысып көрдім. Бірақ уақыт өте келе қызығушылығымды жоғалтып алдым. Үнемі бір нәрсе жетпейтіндей көрінетін. Жұмыс іздей бастадым. Сол сәтте кеніштен қоңырау шалып, дәл бұрынғы жұмыс орныма, сол қызметке шақырту алдым. Содан бері табан аудармай жұмыс істеп келем.

Қазір Дмитрийдің ұлы да «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында Костенко атындағы кеніште қазандықта шебер болып жұмыс істейді. Ал інісі Александр тау-кен шебері. Тағы бір інісі Михаил конвейерлік көлік учаскесі бастығының көмекшісі қызметінде. Олардың бір ұжымда еңбек етуі отбасылық қарым-қатынасқа еш әсер еткен емес.

Дмитрий Федоренко, бас инженердің техникалық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары:

- Кеншінің еңбегі темірдей тәртіпті талап етеді. Біріншіден күнделікті жұмыс кестесі. Учаскеде әріптестерім сенім артады. Басшылық  талап етеді. Бұл командалық жұмыс. Ешқандай қателікке жол жоқ. Кенші ең алдымен кестеге сәйкес жұмыс істеуі тиіс.

Бұл еңбек әулетінің әрбір мүшесі ұжымдағы береке мен ауызбіршілік сияқты маңызды құндылықтарды ерекше бағалайды. Мұндағы жұмысшылар бір үйдің баласындай үйлесімді еңбек етіп келеді.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы