Шымкентте жалған ақша таратқан ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Шымкентте банк қызметкерлеріне жалған ақша берген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскерлер Швецияда қолға түсті.

Еске сала кетейік, олар Шымкенттегі банктердің біріне 4 мың еуро көлемінде жалған ақша купюраларын сатқан. Осыған дейін бұл іске қатысты бар деген күдікпен банктің 5 қызметкері істі болған еді. Сот оларды өзара сөз байласып әрекет еткен деп 5 жыл мерзімге жаза кесті.  Ал жымысқы ойын оп-оңай іске асырған басты күдікті шетелге қашып кетіп, биыл көктемде елге экстрадацияланды.