Астанада 100 медицина қызметкері марапатталды
Елордада денсаулық сақтау саласында қажырлы еңбек етіп жүрген 100 азамат «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – «Білім-өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының дәрігерлерге көрсеткен шарапаты. Орталық басшысының орынбасары Саят Нәбиевтің айтуынша, медицина талабы – өркениетті білімде. Сондықтан ақхалаттылардың еңбегін ескеріп, оларға қолдау көрсету маңызды.
Саят Нәбиев, «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары:
- Бұл іс-шараның айырмашылығы, бұл дәрігерлер көбісі жергілікті, аудандардан, ауылдардан, қалалық жерлерден. Оның негізгі мақсаты – жастарға үлгі қылу. Президентіміз өзі айтады, біз қазіргі таңда жастарға үлгі болатын тұлғаларды тауып, оларға көрсету керекпіз дейді.