Қызылорда облысында су үнемдеу технологияларына басымдық беріледі
Қызылорда облысының Қазалы ауданы, биылға жоспарлаған егін көлемін 550 гектарға азайтуға мәжбүр болды.
Бұған Сырдария деңгейінің төмендеуі себеп. Президент Жолдауында тіршілік нәрінің тапшылығы, елімізде ал-дағы уақытта, өзекті болатыны айтылып, уақыт оздырмай қолға алынатын шаралар нақтыланған. Бұл ретте Қазалы ауданы күрішті азайта отырып, егінді әртараптандыру және, су үнемдеу технологияларын, кеңінен енгізуді жоспарлап отыр.
Бұрын Абай ауылында күріш те егілген. Сырдария деңгейі төмендегелі бұл дақылды өсіру тиімсіз болды. Қазір тұрғындар бақша егеді. Алқапты үздіксіз тіршілік нәрімен қамту үшін су айдау құрылғыларын пайдалануға мәжбүр.
Нұрлан Қоянбаев, Абай ауылының тұрғыны:
- Бақша дақылдарымен айналысып жатырмыз күріш тоқтағаннан кейін енді. Колхоз болмағаннан бері күріш тоқтады. Суды каналдан кәдімгі насоспен айдаймыз. Әр айдағанда 100 литр солярка кетеді. Енді 12 рет айдадық. Шығынымыз сол біздің.
100 литр жанармай шығыны небәрі 4 гектар егіндікті бір рет суаруға жетеді. Ал биыл Қазалы ауданы 7 мың гектар жерге Сыр маржанын егуді жоспарлаған. Бірақ судың тапшылығынан межелі жоспар 550 гектарға қысқарды. Оның орнын әртараптандыру дақылдарымен ауыстырған.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Абай ауылының тұрғындары ала жаздағы еңбектің жемісін жинауда. Биыл Қазалы ауданы бойынша 2 мың 400 гектар жерге бақша дақылдары егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 130 гектарға көп.
Ауданда биыл үш шаруашылық су үнемдеу технологиясын енгізген. Оның ең ірісі жаңбырлатып суару арқылы 83 гектар жерге жүгері екті. Қалғандары тамшылатып суару әдісіне көшкен.
Мұхтар Оразбаев Қазалы ауданының әкімі:
- Біреуі Мұратбаев ауылынан, біреуі біздің Бозкөл ауылынан тамшылатып суару технологиясын енгізді. Өткен жылы екі гектар жердің бір гектар жерін толық игеріп шықты. Қарбыз-екітік, қауын екітік. Биыл да шығымы жаман емес. Себебі оның тиімділігі. Суды аз қажет етеді, судың құрамына қосатын қажетті тыңайтқышты бір жерден тиімді қосып, өнімді мол алуға мүмікнідік болады.
Ауданда егін алқаптарына су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуі мүмкін. Себебі осы бағытта төмен пайызды несие алуға 27 бизнес жоба ұсынылған. Ал облыс бойынша биыл 872 гектар жерге жаңа агротехнологиялар пайдаланды.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байділдаев