«ALMATYM JÚREGIMDE» ән байқауы өтіп жатыр
«ALMATYM JÚREGIMDE- 2023» эстрадалық ән орындаушыларының Бірінші халықаралық байқауы ашылды.
Алматыдағы Абай алаңында, бастау алған шараға 11 елдің үздік орындаушылары қатысуда. Ән додасы екі күнге жалғасады. Бірінші күні қатысушылар, өз елдерінің эстрадалық шығармаларын орындады. Ал бүгін эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық композиторлардың танымал әндерін орындайды. Қатысушылардың өнерін халықаралық әділ-қазылар алқасы бағалайды. Үздік шыққан гран-при иегеріне 2 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.
Этери Бериашвили, эстрада әншісі (Грузия):
- «ALMATYM JÚREGIMDE» конкурсы - ғажайып шара. Біріншіден халықаралық, екіншіден әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі деп сенімді түрде айта аламын, ару Алматыда өтіп жатыр. Үшіншіден конкурс мәдени дәстүрлердің бірігуіне жол ашады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.