Қарағандыдағы зообақ экзотикалық сүтқоректілермен толықты
Қарағандының хайуанаттар бағы экзотикалық сүтқоректілермен толықты.
Қазір кенгурулер мен мысық тәрізді лемурлер, арқаның ауа райына үйрене бастаған. Алайда күн суыта олар жылы жерге көшіріледі. Лемурлер Қарағандыға Алматыдан жеткізілген. Әйгілі Мадагаскар мультфилімінің басты кейіпкерлері жаңа орында өздерін жайлы сезінеді. Оларға мамандар тіпті арнайы мәзір жасап беріпті. Ал қалталы сүтқоректілер болса шөп-шаламға әуес болып шықты. Олардың бір үйірі Израильден Алматыға жеткізіліп, Қазақстанның хайуанаттар бағына, одан кейін Ресей мен Өзбекстанның бірқатар зообағына жеткізілген. Хайуанаттардың атын Қарағанды зообағына келушілер өздері таңдап қоятын болады.
Әмин Алин, хайуанаттар бағының жұмысшысы:
- Жылы жақтан болғаннан кейін суыққа сондай төзімді емес, міне осындай өте көрікті, өте қолға үйренген. Сондай әдемі. Біреуі еркек. Ұрғашысы кішкене үркектеу. Осыны өзіміз өсіріп жатырмыз. Жолдан келген соң стресстен кішкене жүдеу. Бірақ кішкене көтеріледі. Біздің малдарды көріп тұрсыз ғой солай.