Жуалы ауданындағы барлық ауыл газбен қамтылады
Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты 4 ауылдың тұрғындары бірнеше жылдан бері табиғи газды күтіп отыр.
Ауылдықтар амалсыздан тезек жағады. Себебі көмір қымбат әрі облыс орталығынан тасу қиын. Жалпы Жуалы ауданындағы 49 елді мекеннің 45-і газға қосылған. Қалған ауылдарға газ кіргізу үшін, аймақтық энергетика басқармасы жоба жасап, құжаттарды сараптамаға жіберген. Жыл аяғына дейін жауабы келеді деп сендірді. Соған сәйкес бюджеттік өтінім беріледі. Егер энергетика министрлігі мақұлдаса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады- дейді мамандар.
Балғынбек Мұратбаев, Қарабастау ауылының тұрғыны:
- Тезекті полядан жинап жатқан азаматтар да бар жаңағы қапшығын алып. Сатып алып отырғандар да бар тезектің өзін мысалы. Ал көмірді айтпай-ақ қой. Оның мәселесі өте проблемный. Жаңағы 25 мыңға алса, тағы 25 мыңға көлікпен әкеледі.
Мәулен Қожақов облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
- 4 елді мекенге жеткізуші газ құбырын тарту 1 млрд тг-ден астам болып тұр. Егер республикалық бюджеттен 1 жыл ішінде бөлініп қолдау табатын болса аталған жұмысты 2024 жыл соңына дейін аяқтаймыз.