Киікті атуға рұқсат берілмейді
Жыл соңына дейін елдегі ақбөкен саны 2 миллион 600 мың басқа жетуі мүмкін.
Ғалымдар осындай болжам жасап отыр. Қазір көктемгі әуе санағы бойынша ақбөкендердің саны 1 млн. 900 мыңдай. Ал киіктің ең көбі - Орал популяциясы. Бұл өлкеде қазір 1,13 млн-дай ақбөкен жортып жүр. Ал бірқатар өңірде шаруалар киік шабындық пен егінді отап кетті деп шағымданған. Алайда ғалымдар киіктерді атуға жол берілмейтінін айтады. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің ғалымдары киік популяциясын тиімді өргізу жөнінде биологиялық негіздеме әзірлеген. Енді соны іске асыруға асық.
Константин Плахов, ҚР ҒЖБМ ҒК зертхана меңгерушісі:
- Біз киіктерді ғылыми тұрғыда бақылауда ұстаймыз. Атуға рұқсат берілмейді. Ақбөкендерге сайын далада арнайы бөгет шарбақтар жасалуы мүмкін. Осылай бақылауда ұстауға да болады. Себебі бұл жануар тез көбейгенімен, табиғи құбылыстар мен аурудан қырылуы да мүмкін.