Елде биыл 8 айда 10 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Елде мемлекет басшысының тапсырмалары және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 8 ай ішінде шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 13%-ке артық және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65%-ы. Жалпы республика бойынша 86 мың 616 тұрғын үй салынды, оның 22 мың 368-і – жеке тұрғын үй. Салынған инвестиция есепті кезеңде 1,7 трлн теңге болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары. Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде өсті. Елде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.