Қазақстанда 42 мектеп жылу маусымына дайын емес
Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.
Жылу маусымына дайындықты білім ордалары қыркүйекке дейін аяқтаулары шарт. Әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша әзірлік деңгейі – 99,6%. Бірақ 42 нысанда жұмыс әлі жүріп жатыр. Оның 24-інде күрделі жөндеу жүріп жатыр, - дейді министр. Ал денсаулық сақтау саласында 62 нысанның әзірлігі кестеден кешіккен. Олардың дені Абай, Ақтөбе, Атырау орналасқан.