Шегірткенің көп таралуы мүмкін аймақтар аталды
2024 жылы шегіртке шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралуы мүмкін.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында,, келер жылға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. 2023-2024 жылдары шегірткенің таралу циклының 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Алдағы жылы жәндіктің тар-қауы 2,5 миллион гектар алқапты алады деген болжам бар. Үкіметтің ауыл шаруашылығы және қаржы блоктары, сондай-ақ әкімдіктер өкілдері, олармен күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр.