Алтынемел мен Барсакелмес шөлдері ЮНЕСКО тізіміне енді
Алтынемел және Барсакелмес шөлдері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан тарапы бірлесіп, тиісті өтінім берген. 3 мемлекеттің аумағында орналасқан шөлді аймақта әлемдегі ең жоғары және ең төмен температура тіркелді. Сонымен қатар құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді.