Маман: Сапалы дәрі-дәрмек біздің ұлттық қауіпсіздігіміз
Дәрілік препараттардың сапасы: қамтамасыз ету және бақылау.
Алматыда осы тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Іс-шара АҚШ-тың фармакопеялық конвенциясымен және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды. Конференцияға ТМД елдерінің Түркия және өзге мемлекеттерден келген қадағалаушы органдарының өкілдері қатысып жатыр. Мамандар дәрілік заттарды сараптаудың заманауи тәсілдерін, фармакопеялық стандарттарды, фармацевтикалық өндіріс орындарындағы мәелелерді талқылады.
Шынар Байдуллаева, дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының департамент басшысы:
- Біздің елімізге өте маңызды. Себебі біздің Қазақстан АҚШ фармакопеясының 2010 жылдан бастап толыққанды мүшесі болып келеді. Бұл біздің қазақстандықтардың қауіпсіздігі. Себебі фармакопея, АҚШ-тың фармакопеясы және біздің Қазақстанның ұлттық фармакопеясы бұлар дәрілік заттардың сапасына деген талаптар қояды. Сондықтан сапалы дәрілер біздің ұлттық қауіпсіздгіміз.