Астанада тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті
Елордада респираторлық медицина, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті.
Эпидемиологиялық маусымда денсаулық сақтау саласының алдында тұрған міндеттері, ел аумағында тұмау және COVID-19 аурулары бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай тағы басқа өзекті тақырыптар талқыланды. Жиынға Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мейірім Сұлтанова, ҚР Президенті іс басқармасы орталығының бөлім басшысы:
- Басқа да халықаралық сарапшылар келіп жатыр. Оларда қандай шаралар жүргізіліп жатқанын. Біздер қандай шаралар жүргізілгені туралы осы тәжірбие алмасу. Жыл сайын жіті респиратуралық вирусты инфекциялардың 4 миллионнан астам жағдайлары тіркеліп жатыр жалпы республика бойынша. Және бұдан басқа 3 мыңнан астам зертханалық дәлелденген тұмау аурулары тіркелді. Кез келген адам тұмауға қарсы вакцинаны емханаларда алуы мүмкін. Бұл тегін және ақылы түрде жүргізіледі.