«Әкім Таразидың драматургиядағы белестері» атты зерттеу еңбегі жарық көрді
Автор Ләззат Алпысбаеваның айтуынша, бұған дейін жазушының драматургиясы тереңдеп талданбаған.
Жас ғалым бұл бағытта үш жылға жуық тер төгіпті. Еңбекте қаламгердің «Күлмейтін комедия», «Махамбет», «Ақын, періште, махаббат», «Жолы болғыш жігіт» және «Жақсы кісі» секілді жалпы саны 13 пьесасына талдау жасалған. Жанрға алып келген жаңалығы мен өзіне тән қолтаңбасы жан-жақты зерделенген. Автор енді жазушы шығармалары бойынша сахналанған спектакльдерге де шолу жасамақ.
Ләззат Алпысбаева, зерттеу еңбегінің авторы:
- Әкім ағаның бұл жерде басты ерекшелігі пьесаларының көркемдік идеясын, бүгінгі заманмен үндес екендігі, Әкім ағаның 60-70-ші жылдары жазылған барлық драмалық шығармалары бүгінгі күнде өзекті екендігі айқындалған, соны басты назарға алдық.