Алматыда «Жастар рухы» лагерінің жұмысы жалғасып жатыр

Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерінің саяси жастар лагерінің жұмысы жалғасып жатыр.

Халықаралық диалог алаңына айналған лагерь биыл Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Беларусь және Қырғыз елдерінен 300-ден астам мейманды қабылдады. Форумды "Жастар рухы" жастар қанаты ұйымдастырды. Бүгін тараптар халықаралық қарым-қатынастың келешегін талқылады.

Айта кетейік, партиялық бағдарламада жұмысшы жастар үшін оңтайлы жағдай жасау жоспарланған. Мәселен, алдағы үш жылда бір жарым миллион жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауылға барып жұмыс істейтін жас мамандар үшін қарастырылған жәрдем 10 млн теңгеге дейін артуы мүмкін.

Бәкіжан Кәкім, делегат, Павлодар облысы:

- Жалпы жастар үшін үлкен жауапкершілік. Ел Президенті Жолдауында креативті жастарға көп көңіл бөлу керек деп айтқан. Біз негізі көп дүние бере де алада аламыз. Спикерлердің айтқан тақырыптарына өзіміз толықтырулар мен ұсыныстар енгіздік. Бұл өте игі бастама болды деп ойлаймын.