Ақмола облысында білім беру саласындағы МСА-дан бірқатар заң бұзушылық анықталды
Ақмола облысында білім беру саласындағы 32 мемлекеттік сатып алу кезінде волонтерлер бірқатар заң бұзушылықты анықтады.
Аудандық білім бөлімдері балабақшалардың есебін жүргізетін бағдарлама сатып алуға конкурс жариялған. Мемлекеттік органдар, тапсырыс бойынша ақпарат көрсетпей, кәсіпкерлердің өтінім-хаттарына жауап бермеген. Конкурста қатысушылардың құқығы бұзылған. Заңбұзушылықты анықтаған волонтерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған. Енді сатып алу конкурсы қайтадан жарияланады. Биыл білім беру ұйымдары 20 рет мемлекеттік сатып алуды әдейі қымбат бағамен жариялаған.
Жанат Тұрәлинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
- Волонтер хабарлағаннан кейін біз бірден сол жарияланған мемлекет сатып алудың құжаттарын ішкі аудит департаментімен бірлесе тексере бастадық. Барлық 32 сатып алу бойынша заңбұзушылықтар расталды. Жарияланған конкурстар жойылды, енді сатып алу заңға сәйкес қайтадан жарияланады. Ал бұзушылықтарға жол берген кінәлі қызметкерлер тәртіптік және қызметтік жауапкершілікке тартылды.