Оралда 34 жыл монтёр болып еңбек еткен жұмыскер сала үздігі атанды
Оралдағы электр желілерін тарататын кәсіпорында 34 жыл бойы еңбек ететін монтёр Саттар Замзин сала үздігі атанды.
Ол қала мен ауылдық жерлердегі қосалқы стансаларда жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған маман. Қазір Зачаганск кентін жарықпен қамту міндетін абыроймен атқарып жүр.
Жұмысқа келгеннен кейін диспетчердің командасымен осыны қостым жаңа переключение жасағанда.
Саттар Замзин қосалқы стансада тәуліктік ауысыммен кезекшілік етеді. Мұндағы құрылғылардың дәуірі өзінің жасымен шамалас. Тәжірибелі маман оларды асқан шеберлікпен басқарады. Электрик еңбек жолын «Ақжайық» қосалқы стансасында монтер болып бастаған.
Саттар Замзин, электрик:
- Басында монтер болғанда қиындау болған болар. Қазір уже үйрендік қой. Кішкене опыт бар дегендей. Кішкене профессионализм бар дегендей. Основной біздің жұмысымыз переключение. Авария болған уақытта бізге мына жақтан команда береді, диспетчерден. Біздің өзіміздің рациямыз бар. Біздер сол команданы тиянақты, бәрін орындауымыз керек.
55 жастағы электриктің тәжірибесі әріптестеріне де септігін тигізіп жатыр. Кәсіпорын ұжымы онымен ұдайы ақылдасып, кеңес сұрайды. Білікті маман білген-түйгенін үйретуден жалықпайды.
Табылды Өтеғалиев, әріптесі:
- Бізге ауданнан ауысып келді осыдан 3 жыл бұрын. Содан бері қызметтеспіз. Өз мамандығын біледі. 02.40. Білмейтінімізді бір-бірімізден сұрап жатамыз. Мен тек қана 20 жылдан бері осы подстанция саласында істесем, ол кісі әр салада істеген. Линияға да шыққан, монтер болған, мастер болған азамат. Сондықтан ол кісінің менен гөрі тереңірек білімі бар деп есептеймін.
Саттардың жұбайы білім беру саласында қызмет етеді. Отбасы үш бала тәрбиелеп отыр.
Саттар Замзин, электрик:
- Мамандықтың қай-қайсы да жақсы. Бір кісі айтып, қызым бір салада оқып жатыр. «Ой, оқығым келмейді» деп айтып еді. Содан кейін оқып келіп, опыт жасап, жұмысқа кіргеннен кейін «мә, қызық екен» деп айтады. Жаман мамандық жоқ. Теория білгесін практика да кішкене жеңіл болады. Түсінігі болады.
Саттар Замзин қала күнінде әкімдік атынан «Үздік электрик» сыйлығын алды. Оның еңбек жолы мен тәжірибесі әлі де кейінгі мамандарға азық болары анық.
Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов