Елде жеке медициналық ұйымдар саны артты
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін жекеменшік ұйымдар көбейді.
Бұл саладағы бәсекелістікті арттыруға сеп. Елдегі 5617 нысаның 43 пайызы кәсіпкерлердің еншісінде. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру артқанын айтты. Дәрі-дәрмекпен қамту үлесі де өскен. Биыл аурулардың тізбесі 3,8 млн адамды қамтыды.
5617 нысан АМСК көрсетеді:
56% мемлекеттік
43% жеке меншік
3,8 млн адамға 126 ауру-сырқау бойынша дәрі-дәрмек беріледі