Биыл өрт салдарынан 229 қазақстандық көз жұмды
Оның 86-ы мас күйде болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Былтыр елдегі өлім-жітім статистикасы 6,5 пайызға төмен болған еді. Комитет төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, жыл басынан 7 560 өрт тіркелген. Әсіресе Абай облысында өрт шығу дерегі күрт өскен. Бұл өңірде оттың тұтануы 46 пайызға артты. Алматы мен Қостанай облысында да көп дерек тіркелді. Қызыл жалын әсіресе тұрғын үй секторларынан жиі шығады. Төтенша жағдайлар министрлігі жылу маусымына дайындық кезінен бастап үй-үйді аралап рейд өткізеді. Арнайы өтініш берген отбасыларға көмірқышқыл газын лезде анықтайтын қондырғы орнатады.
Марғұлан Аманбаев, Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
- Айта кету керек, біз жеке тұрғын үй секторынг жауапкершілікке тартпаймыз. Тек өзіңіз бен отбасыңызды өрттен, көмірқышқыл газынан уланын салдарынан қалай қорғануға болатынын туралы ұсыныстар береміз.