«KEGOC» акцияларын нарыққа шығарады

«KEGOC» компаниясы акционерлердің жалпы жиналысында SPO, яғни акцияларды қайталама орналастыруды өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл компанияға қаржылық позициясын нығайтуға, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға серпін бермек.

«KEGOC» SPO шеңберінде 15 мыңнан астам акция ұсынбақ. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» қорының үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85% -ын құрайды. 

Салтанат Сәтжан, "Самұрық-Қазына" АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры:

- Негізінен Самрұқ Қазына ірі компанияларды бәсекелес ортаға шығару, сонымен қатар IPO дейміз. Ол бастапқы биржаға акцияларды шығару. SPO дейміз акцияларды қосымша биржаға шығару. Осылардың барлығы Самұрық Қазына қорының экономикадағы үлесін төмендету жөніндегі басты қадамдардың бірі болып есептелінеді.

SPO-ға қатысу үшін жаңа инвесторлардан өтінімдер жинау 16 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін жалғасады. Банктер мен Tabys қосымшалары, брокерлер, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелері арқылы өтінім беруге болады.

Нәби Айтжанов, "KEGOC" АҚ төрағасы:

- Негізі акциялардың ірі пакеттерінің бір адамға тиесілі болмауын ескере отырамыз. Кейін 10 пайыздан астам акцияны SPO-ға ие болған кезде инвестор өзінің меншікті үлесін ашу керек.

1 шілдеден бастап ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу, пайдалану бойынша және компанияның басқа да қызметтеріне жаңа тарифтер белгіленген болатын.

Нәби Айтжанов, «KEGOC» АҚ төрағасы:

- Енгізіліп жатқан өзгерістер ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жаңа қызметтің пайда болуына ықпал етті. Нәтижесінде көрсетілетін қызметтер көлемі едәуір ұлғайды.

«KEGOC»-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін инвесторлар акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын пайдалана алады. Бұл 28 қыркүйекте басталып, 27 қазанды қоса алғанда 30 күнге созылмақ. Акционерлер брокерлер арқылы немесе тікелей «KEGOC»-қа жүгіну арқылы өтініш бере алады.

Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Асхат Қарақойшиев