Жезқазғанда жас мұрағатшылар жарысы басталды
Жезқазғанда жас мұрағатшылардың республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі шарада Алматы, Жетісу, Атырау және Қарағанды облыстарының командалары сынға түседі. Алғаш рет 2015 жылы Президент архивінің бастамасымен қолға алынған жоба 2 жыл сайын өтіп келеді. Мақсат – мұрағатшы мамандығының мәртебесін көтеру және жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру. 2 күнге жалғасатын шарада командалар мұрағат саласына қатысты заңнамалар бойынша тест тапсырады. Әр өңірдің тарихын, архив саласымен байланыстыра отырып, көріністер ұсынады.
Роза Кәрібжанова, ҚР Президенті архиві директорының орынбасары:
- Тек қана жас архившілерді қолдап, олардың дамуына үлес қосу емес, архивке кадрларды қамтамасыз етуге, түлектерді шақыру. Қор қалыптастыру, құжаттарды цифрлау. Сондай-сондай мәселелерге, жалпы нақты жұмысқа байланысты конкурс болады.