Оралда республикалық аналар кеңесінің форумы басталды

Оралда республикалық аналар кеңесінің форумы басталды

Оралда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған республикалық аналар кеңесінің форумы басталды.

Елдің бірқатар өңірінен келген белсенді әйелдер ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарға қатысты мәселелерді талқылады. Соның ішінде балалардың денсаулығы көпшілікті алаңдатып отыр. «Әсіресе электронды шылым мен еліткіш өсімдіктер саудасына жол бермеуге күш салып жатырмыз» дейді кеңес төрағасы. Еліміздің қалалары мен аудандарында 1700-ден астам осындай кеңес құрылған. Оның құрамында көпбалалы аналар, қоғам белсенділері мен әр саланың майталмандары бар. Форум аясында келін түсіру, сәбиді бесікке салу, тұсау кесу сияқты қазақтың салт-жоралғылары да дәріптелді. Республикалық шара екі күнге жалғасады.

Нәзипа Шанаи, ҚХА республикалық аналар кеңесінің төрағасы:

- «Қауіпсіз сағат» деген жобамыз бар. Мектептерге барып, ата-аналармен кездесіп, бүгінгі таңдағы жалпы бар мәселені айтамыз. Өздеріңіз білесіздер, вейп деген нәрсе чупа-чупспен бірге көрінген жерде сатылып жатыр Біз петиция жинап, 20 мыңнан астам қол жинап, оны президентке енгізіп, президент бұған назар аударды. Құрылтайда да, кешегі Жолдауында да тыйым салу туралы мәселені көтерді.