Шымкентте туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалады
Қазір сараптамалық ұсыныстар қаралып жатыр.
Кейінгі кезде еліміздің оңтүстігіне, саяхаттаушылар саны артқан. Өткен тоғыз айдың қортындысы бойынша өңірге 215 мыңдай турист барған. Енді бұл бағытқа инвесторларды тарта отырып, жаңа серпін беру көзделіп отыр. Ол үшін инфрақұрылым мәселесі шешілуі тиіс. Аймаққа 5 және төрт жұлдызды қонақ үйлер мен жол бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандары қажет.
Азамат Нұрымбетов, туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының бөлім басшысы:
- Біздің ең басты мақсат қазіргі кезде Шымкент қаласындағы туристердің санын арттыру болып табылады. Екінші мақсат ол біздің Шымкент қаласына түсетін инвестиция көлемін арттыру. Үшінші KPI-мыз ол мынау сырттан келетін туристермен төртіншісі мынау Шымкент қаласына келетін қазақстандық туристердің санын арттыру болып табылады яғни ішкі туризмді дамыту болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар іске асты.
Ислам Каланов, гид:
- Менің ойымша Шымкенттен, Алматыдан басқа да қалалардан таяу шығысқа, еуропаға ұшатын мейлінше көп лоукостерлар керек. Сол кезде ғана туристердің саны анағұрлым көп болады деп сенемін.