Кофе халқымыздың шай ішу дәстүрін ығыстыра ма?
Қазақстанда кофеге сұраныс көбейді.
Бұған кейінгі жылдары шай импортының төмендеуі дәлел. Неліктен ел тұрғындары кофеге құмартты?
БЛИЦ:
Үш әйел екеуі шай, біреуі су таңдады.
- Үш қыз:
Кофе не шай? – Кофе – кофе – Сіз ше? - шай.
- Ер азаматтар: Шәй, шәй.
- Ер азамат: Кофе.
Осындай қарапайым сауалнама жүргізгендегі аңғарғанымыз, кофені көбіне жастар жағы таңдайды екен. Осыған қарап, болашақта кофе қазақтың қалыптасқан шай ішу дәстүрін ығыстыра ма ой туады. Бұған негіз де жоқ емес.аХалықаралық сауда статистикасын жүргізетін Trade map мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда елімізге сырттан әкелінетін шай құны төмендеген. 2018 жылы жалпы импорт құны 113 мың АҚШ долларына жуық еді. 2021-де 111 мың 600 долларға дейін түсті. Былтыр 92,5 мың долларды құрады. Есесіне, кофенің импорты артқан. Бес жыл бұрын импорт құны 8 мың АҚШ долларынан сәл жоғары болса, былтыр бұл көрсеткіш 23 мың доллардан асты.
Американо, латте, капучино. Баристалықты үйренгеніне бір жыл болған Темірлан күн сайын кофенің түр-түрін қайнатады. Айтуынша, сусынға деген сұраныс күн санап артпаса, кемитін емес.
Темірлан Жәкеев, бариста:
– Көбіне кофеге таңертең келеді.
– Ал түстен кейін кофеге сұраныс түсе ме? – Түстен кейін сұраныс, ия, түседі. Дегенмен, жақсы алып тұрады. Әр күнде негізі әртүрлі болады. Шамамен 50 кофе.
Дегенмен, хош иісті сусынды көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе қан қысымы жоғары адамдардың оған мүлде құмартпағаны абзал, дейді нутрицолог маман.
Гауһар Жаңабай, нутрицолог:
- Кофені жүкті әйелдерге тоже көп ішуге болмайды. Өйткені ол іштегі балаға әсер етеді. Дене құрылымдары енді-енді келе жатыр ғой, сондықтан біз оған әдейі кофе беріп оның ішіндегі давлениесін көтерсек, ол келешектегі баланың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдере, давлениесі жоғары әйелдерге және де орысша айтқанда хроническая усталость дейді ғой. Сондай стрессте жүрген адамдарға тоже кофе көп ішуге болмайды.
Нутрицологтың айтуынша, дені сау адамға күніне бір шыныаяқ жеткілікті. Өйткені кофе құрамындағы кофеин ағзаға түскенде дофамин гармонын бөледі. Ал ол адамға күш-қуат беріп, қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. Қазақстандықтардың шайдан жаппай кофеге көшуіне осы себеп болса керек.
Бақыт Топтаева, тілші:
- Ой мен бойды сергітер сусынға деген сұраныстың өсуіне бірден бір әсер ететін фактор - ол әрине маркетинг. Мәселен, бес кофе алғаны үшін алтыншысын тегін ұсыну сатылымды арттыруға көмектеседі. Немесе стакан сыртына осындай нақыл сөздер жазып, сатып алушының назарын аудартуға болады. Тіпті патриоттық рухты оятып, кофе алдырудың амалын қолдануға болады.
Осы сюжетті дайындау барысында екі кофе алдырған.
Бақыт Топтаева, Артур Горшняков