Түркістан облысында киікті заңсыз атқандар ұсталды

Әккі аңшылар аумақтық инспекция мамандары өткізген рейд барысында қолға түсті.

Екі тұрғынның дала  жануарының мүйізін сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында заңсыз сатып алынған қару-жарақ та табылды. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Оларға 1000 АЕК көлесмінде айыппұл салынауы мүмкін. Нақты шешімді сот шығарады. Мамандардың болжамынша, табиғатқа келтірілген шығын көлемі шамамен 35 млн теңгені құрайды.

Бақыт Мұсалиев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- 190-шы бұйрыққа сәйкес ақбөкен аңын қазіргі таңда аулауға тыйым салынған. Мараторий жарияланған. Сондықтан, бұл азаматтардың іс-қимылы заңсыз болып табылады және бұл  бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.