Атырауда «Respublica» партиясы ұстаздарға арналған тренинг өткізді
Атырауда «Respublica» партиясы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізді.
Шараның алғашқы легінде қала мектептерінен 20 мұғалім іріктеліп, жаңа форматта оқуды бастады. Ұстаздар жаһандану дәуіріндегі бала тәрбиесі, жас ұрпақтың санасына отансүйгіштік пен ұлтына деген сүйсіпеншілікке баулу тәсілдерін үйренеді. Семинар-тренингке 200-ден астам білім ошағындағы 17 мыңдай мұғалім қатысады деп жоспарланған.
Ғалымжан Өтебаев, «Respublica» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Біз ұйымдастырып жатқан шара ол-ораторлық өнер және мектепішілік дебат клубтарын дамыту, құру әрі қарай оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында болып жатқан шара. Бұл шара әлі жалғасын табады. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес Атырау қаласында, облыста бірнеше осындай біліктілікті арттыру бойынша тернингтер ұйымдастыруды көздеп отырмыз.