Ұлытауда жемқорлықпен күрес шарасы өткізілді
Ұлытауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұстаздар форумын өткізді.
Білім қызметкерлері арасында жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында қолға алынған шараға мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты. Ал шалғай ауылдардағы педагогтар онлайн режимінде қосылды. Сала мамандары ұстаздар қауымына жемқорлық әрекет үшін заңда қарастырылған жазалар жайында ақпар берді. Ұйымдастырушылар «Мерекеде мұғалімдерге сыйлық беру дәстүрі тиылмай тұр. Сондықтан, форумды арнайы ұстаздар күні қарсаңында өткізіп отырмыз»,- дейді. Өткен 9 айда мұғалімдер арасында жемқорлыққақ атысты 3 қылмыстық, 14 әкімшілік іс тіркелген. Жалған дипломмен жұмыс істеген 9 мұғалім анықталыпты.
Арлен Уандықов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:
- Кездесуде сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан «жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы таныстырылды. Оның мақсаты – түрлі салада қызмет ететін белсенді азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту. Аталған жобаны ұстаздар қауымы да қолдап отыр. Бір сөзбен айтқанда түпкі мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті адамның бойына мектеп жасынан қалыптастыру.