«Қазақстан халқына» қоры 40-тан аса игі іске атсалысты

«Қазақстан халқына» қоры 40-тан астам қайырымдылық бағдарламаға атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал құйылған қаражат көлемі 151 млрд теңгеден асады. Қаржылай қолдау еліміздің барлық өңірінде бес сала бойынша көрсетілді. Олар: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік сала және спорт. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтар ескерусіз қалмады.

Бүгін қор өкілдері Zoom-кездесу өткізіп, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді, қайырымдылық ұйымның қызметіне қатысты 75 ұсыныс айтылды. Қор өз жобаларын әсіресе ауыл-аймақтарда іске асыруға мән беріп отыр.