Көшбасшы педагогтер резерві

Биыл Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы көшбасшыларды даярлау тетігін іске қосты.

Ол Президенттік жастар кадр резервінің үлгісі бойынша жүргізіледі. Жобаның бастапқы кезеңінде 8 мың адам тіркеуден өтіп, іріктелген 2800-ден аса маман тест тапсырды, 275 үміткер әрі қарай оқытуға ұсынылды. Көшбасшыларды іріктеу қорытындысы бойынша республикалық кадр резерві қалыптастырылады. Резервистер бірінші басшылардың бос орындарына конкурстық рәсімсіз тағайындалады. Жоба "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан мектептерді білікті мамандармен қамтуға көмектеседі.