Отандық жүк тасымалының көлемі өседі
2027 жылға қарай отандық жүк тасымалының көлемі 5 есе өседі.
Бұған теміржол саласын "жасыл технологияға" көшіру септеседі. Мамандар бұл жобаның экологиялық және экономикалық пайдасы орасан,- дейді. Көлік министрлігі негізгі жол тораптарын қалыпқа келтіру үшін 15 млрд доллар инвестиция тартуға ниетті. Елордада 25 елден келген сарапшылар тасымалдау саласына жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу тақырыбын талқылады. Еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, оның ішінде Ақтаудағы теңіз порттарын жаңғырту жайы қарастырылды. Форум барысында халықаралық сарапшылар еліміздің әуе тасымалын дамыту бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Оливье Янковец, Aci Europe халықаралық әуежайлар кеңесінің бас директоры:
- Қазір геосаяси жағдай өзгеріп жатыр және бұл Қазақстанның әуежайларын одан әрі дамытуға мүмкіндіктер береді. Сол себепті тығыз әріптестік орнатуға ниеттіміз. Қазақстанның авиациялық нарығын ілгерілетудің үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Ол үшін авиация инфрақұрылымын: атап айтқанда, әуежайларды, аэронавигациялық қызметтерді дамытып, жаңа технологияларды енгізу керек.